Татарстанда саунада еркектерді зорлайтын әйел ұсталды

10:08, 30 қыркүйек 2019

Татарстанда жұп құрған әйел мен ер адам ақша бопсалау мақсатында бейтаныс еркектерді саунада зорлаған.

Бұл туралы өңірдің прокуратурасына сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.

Әйел әлеуметтік желілерде жігіттермен танысып, саунада бірге демалуға шақырады. Саунаға кіргеннен кейін әйелдің сыбайласы келіп, екеуі пышақпен қорқытып, демалмақ болған еркектерді сауна ішінде зорлаған.

Олар зорлығын видеоға түсіріп алып, кейін жәбірленушілерден ақша бопсалаған. Бір жағдайда жәбірленушіден 18 мың рубль (107 900 теңге) боспалаған.

Құқық қорғау органдары қылмыскерлердің кем дегенде үш рет зорлық пен боспалау жасағанын анықтады. Тергеу аяқталды, іс Набережные Челны қалалық сотына жіберілді. Олар бас бостандығынан заңсыз айыру, сексуалдық зорлық-зомбылық және бопсалау бойынша айыпталуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!