С.Жээнбеков Қырғызстандағы президенттік сайлауда көш бастап келеді

21:30, 15 қазан 2017

Қырғызстанның басқарушы Әлеуметтік-демократиялық партиясы ұсынған Сооронбай Жээнбеков президенттік сайлауда көш бастап келеді.

Бұл туралы елдің Орталық сайлау комитеті хабарлады.

«Орталық сайлау комитетінің орталық серверіне дауыс берудің алғашқы алдын ала нәтижелері түсе бастады, бюллетеньдердің 2 пайызы өңделгеннен кейін Жээнбековтың 40 пайыз дауыс жинағандығы белгілі болды», – деп жазады ТАСС агенттігі.

Айта кетейік, бүгін, 15 қазанда Қырғызстанда президенттік сайлау өткен еді. Жалпы президенттікке 11 адам үміткер болған.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!