Судан президенті отставкаға кетті

15:09, 11 сәуір 2019

Судан президенті Омар әл-Башир елдегі жаппай наразылық шерулері жағдайында отставкаға кетті.

Қазір елде республиканы өтпелі кезеңде басқаратын әскери кеңес құру жөніндегі келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме берген РБК хабарлайды.

Солтүстік Дарфур провинциясының өнеркәсіп министрі Адель Махджуб Хусейн Al-Hadath телеарнасына мәлімдегендей, көптеген жоғары әскери шенділер ел астанасы Хартумге келіп, "әл-Баширді тағынан бас тартуға мәжбүр етті".


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!