Сирияда көтерілісшілер Хама қаласын басып алды
© Фото: Министерство обороны РК
Сирияда көтерілісшілер Хама қаласына кірді. Үкімет әскері оппозиция күштерімен қақтығыстан соң кейінге шегінген. Өткен аптада олар Алеппо қаласын уысынан шығарып алды.
Хама Сирияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері үкімет күштерінің бақылауында болған еді. Көтерілісшілер қаладағы түрмеден жүздеген жақтасын бостандыққа шығарып жіберген.
"Әл-Жазира" телеарнасы көтерілісшілердің бейбіт тұрғындармен кездесіп, Хама көшелерінде әскери көлік мініп жүргенін көрсетті, деп жазады qazaqstan.tv.
Сирия армиясы бастапқыда қаланы көтерілісшілер бақылауға алғанын жоққа шығарғанымен, кейін мұны растады.
Екі қаланы басып алған оппозиция күштері оңтүстік бағытта Дамаскіге қарай жылжып барады. Сирияда кең ауқымды азаматтық соғыс отының қайта тұтануы Таяу шығыс өңірін одан әрі тұрақсыздандыра түсуі мүмкін.
"Сириядағы жағдайға қатысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлестім. Азаматтардың барлығына шұғыл гуманитарлық көмек қажет екенін баса айттым. Қантөгісті аяқтау үшін БҰҰ қолдайтын саяси процеске қайта оралу қажет. Тараптар халықаралық заңға сай бейбіт тұрғындарды қорғауға міндетті. Салмақты диалог жүргізетін уақыт келді." Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:51, 11 желтоқсан 2024
Сирияда қарулы топ Башар Асадтың әкесі жатқан кесенеге баса-көктеп кірді
-
11:55, 11 желтоқсан 2024
Кенияда заңсыз алтын іздеген бес кенші оқыстан қайтыс болды
-
11:22, 11 желтоқсан 2024
Оңтүстік Кореяның бұрынғы Қорғаныс министрі өлім жазасына кесілуі мүмкін
-
14:37, 10 желтоқсан 2024
Сирияда түрмелерден мыңдаған адам босатылды
-
09:11, 10 желтоқсан 2024
Тбилисидегі наразылық шараларына байланысты Грузияда пиротехникалық заттарды қолдануға шектеу қойылады