Шартарап: Еуроодақ Корей түбегіндегі шиеленісті бәсеңдетуге шақырды

21:42, 15 тамыз 2017

Еуроодақ елдері Пхеньян төңірегіндегі дауды бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Еуроодақ шиеленісті бәсеңдету үшін дипломатиялық жұмысты күшейтпек. Бұл туралы бірлестіктің сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі мәлімдеді. Федерика Могерини Брюссельдің Пхеньянға қарсы шектеу енгізуін жоққа шығармады.

Синдзо Абэ: Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына жол бермеу керек

Жапония Премьер-Министрі «Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруының алдын алу – басты басымдық» деді. Бұл туралы Синдзо Абэ Дональд Трампен телефон арқылы тілдесуінен кейін мәлімдеді.

Ким Чен Ын Гуам бағытына зымыран ұшыру жоспарын талқылады

Солтүстік Корея көшбасшысы Гуам бағытына зымыран ұшыру жоспарын талқылады. Ким Чен Ын «әскерилер кез келген уақытта дайын болулары тиіс» деді. Ол Корей түбегіндегі күрделі жағдай қос тарапқа тиімсіз екенін атап өтіп, Вашингтонды арандатушылықты тоқтатуға шақырды.

Нью-Йоркте Дональд Трампқа қарсы наразылық шеру өтті

Нью-Йоркте Дональд Трамптың саясатына қарсылық білдірушілер наразылық шараларын өткізді. Шеруге мыңнан астам адам қатысты. Шаһарда ереуілдер Шарлоттсвилл қаласындағы оқиғадан соң басталды. Онда ереуілшілер мен полицейлер қақтығысып, 3 адам қайтыс болды.

Кувейтте суға төгілген мұнайдың әрі қарай жайылуы тоқтатылды

Қазір мұнда қалдықты тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Елдің Рас-аз-Зур кен орнында мұнай төгіліп, Парсы шығанағындағы суға араласқан. Мамандардың айтуынша, апатқа ескі құбыр себеп. Суға 35 мың баррель мұнай төгілген.

Лондондағы «Биг Бен» төрт жылға жабылады

Лондондағы әлемге әйгілі Биг Бен қоңырауы төрт жыл қоңырау соқпайды. 21 тамыздан бастап, Уестминстрдегі әйгілі сағат жөнделеді. Ол соңғы рет 2013 жылы Маргарет Тетчерді жерлеу кезінде тоқтаған еді. Сағат дұрыс уақытты көрсете береді, тек «үнсіз» болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!