Шартарап: Әлемнің бірнеше елінде табиғат тосын мінез танытты

22:46, 17 тамыз 2017

Су тасқынының салдары

Непал су тасқынының зардаптарымен күресуде. Жауын-шашын салдарынан Коси өзені арнасынан асып, үйлерді және егістік алқаптарының 80 пайызын су шайып кетті.115 адам қаза тапты, 38-і іздестіріліп жатыр. Жалпы елдің 75 ауданының 26-сы зардап шекті. Жергілікті билік тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. 

Үндістанда тасқын судан 50-ден астам адам қаза тапты

Үндістанның шығысындағы тасқын су салдарынан 56 адам қаза тапты. 3 күн бойы толастамаған нөсер елдің басым бөлігінде тіркеліп, кем дегенде 2 млн адам зардап шекті. Тасқын елдің солтүстігін де әбігерге салды. Қолайсыз ауа райы құтқарушылардың жұмысын қиындатып тұр.

Сьерра-Леонеде алапат лай көшкіні құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Сьерра-Леоне астанасы Фритаун халқы алапат лай көшкіні құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Елде 7 күндік аза тұту жарияланды. Осы аптада қатты жауын-шашын басталып, су тасқыны мен лай көшкініне ұласты. Ел тарихындағы ең ірі апаттан 400-дей адам қаза тапты, 600-ден астамы жоғалып кетті. Іздестіру шаралары әлі жүргізіліп жатыр. Табиғат апатының зардаптарын жою үшін ауқымды гуманитарлық көмек қажет.

Қытайда халық жарықсыз қалды

Тайванда электр энергиясы жаппай өшіп қалды. Бұл жағдайға табиғат күші емес, адами фактор себеп. Қызметкер қателігінен электр станциясына сұйытылған газ жеткізілмей қалған. Салдарынан 7 миллионға жуық тұрғын бірнеше сағат бойы жарықсыз отыруға мәжбүр болды. Шағын компаниялардың жұмысы уақытша тоқтап қалды. Қызметкер жауапқа тартылып, экономика министрі отставкаға кетті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!