Сауд Арабиясында әйелдерге абайя кимеуге рұқсат берілді

16:55, 14 ақпан 2018

Сауд Арабиясында әйелдерге қоғамдық орындарда абайя кимеуге рұқсат етілді, деп мәлімдеді Абдулла Әл-Мутлак, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Әл-Жазира"-ға сілтеме жасап.

"Мұсылман әйелдерінің 90%-ы абайя кимейді, бізде оларды бұған мәжбүрлемеуіміз керек", — деп мәлімдеді ол телеарна арқылы сөйлеген сөзінде.

Шейх Абдулла Аль-Мутлак Сауд Арабиясындағы жоғары діни органның мүшесі. Айта кетейік, мұндай мәлімдеме жоғары лауазымды дін өкілінің тарапынан алғаш рет жасалып отыр.

Абайя – әйел адамның басынан аяғына дейін жауып тұратын, кең қара көйлек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!