Салмағы 1 келіге де жетпей туған сәби тез өсіп кетіп, дәрігерлерді таңғалдырды

17:04, 3 қыркүйек 2018

Тео Тейлордың салмағы өте аз болатын. Анасы жүктіліктің 19-шы аптасында болған кезде бала әрі қарай өсуін тоқтатқан. Дәрігерлер оның өмір сүріп кетуі екіталай екенін ескерткен. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

26-шы аптада дүниеге келген кезінде Теоның салмағы небәрі 12 унций (0,34 келі) еді. Ол әкесінің қолынан да кішкентай болатын.

Дәрігерлер Теоның анасы, 24 жастағы Кэти Роудс пен әкесі, 27 жастағы Джейге алдын ала ескерту жасап, баланың өліп кетуі мүмкін екенін айтқан.

Дегенмен, кішкентай Тео барлығына қарсы тұрып, 7 аптадан кейін палатаға ауыстырылған.

7 фунт 4 унций (3 килограмнан аса) салмақ дәрежесіне жеткен кезде, емханадағылар оның үйге қайтуына рұқсат берген.

6 айлық Тео Ұлыбританияда аз салмақпен туылып, өмір сүріп кеткен ең кішкентай сәби саналады.

Тауар жеткізуші болып жұмыс істейтін Джей алғаш рет ұлын көрген кезде шошып қалғанын жасырмайды.

“Ешқашан да мұндай кішкентай сәби көрген емеспін, олардың осыншалықты майда болатынын білмеппін. Дәрігер оның салмағы құтынікімен бірдей болады деген. Бірақ құты менің ұлымнан қарағанда ауыр еді”, – дейді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!