Рустам Иноятов Өзбекстан президентінің кеңесшісі болды

10:10, 1 ақпан 2018

Рустам Иноятов Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93 бабы, 24 тармағына сәйкес, Өзбекстан Республикасы президентінің 2018 жылдың 31 қаңтарындағы №УП-5317 жарлығына сәйкес, Рустам Расулұлы Иноятов Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымынан босатылып, Өзбекстан Республикасы Президентінің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды», - делінген Өзбекстан басшысының жарлығында.

Осыған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!