Роналду – Instagram-да 200 млн фолловер жиған жер бетіндегі бірінші адам

08:57, 30 қаңтар 2020

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Инстаграм желісінде 200 миллион жазылушы жинаған әлемдегі бірінші адам атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жағынан Криштианудан кейінгі екінші орында әнші Ариана Гранде келеді – 173 млн фолловер. Актер Дуэйн Джонста – 170 млн жазылушы бар.

Осылайша, жақын арада Роналдуды ығыстыра қоятын ешкім байқалмайды.

"Барселонаның" бас жұлдызы Лионель Месси әлемде фолловер саны бойынша тек сегізінші орында (141 млн).

2019/20 жылғы Италия чемпионатында Криштиану әзірге 18 матч өткізіп, 17 доп соқты және екі нәтижелі пас берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Wow 200 million!!! Thank you to each and every one of you for sharing this journey with me every day!!????????❤️

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano) 29 Янв 2020 в 9:09 PST


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!