Рингке хиджабсыз шығып кеткен Иранның боксшы қызы сотталмақ

09:12, 3 мамыр 2019

Иранның боксшы қызы Садаф Хадем қамауға алынып, сотталып кетуі мүмкін, деп жазады Eurosport.

Оған сондай-ақ ер адамның қол астында жаттығу жасады деген ауыр айып тағылуда.

Иранның кәсіпқой бокс федерациясы жанжалдан қорқып, спортшыдан ат тонын ала қашты: басшылықтың сөзінше, спортшы федерация мүшесі ретінде тіркелмеген, турнирге жеке тұлға ретінде қатысқан.

Хадем – халықаралық турнирде жеңіске жеткен Иранның тұңғыш әйелі. Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!