Reuters агенттігі Сирия Президентімен болған сұхбатты жариялады

23:05, 19 қаңтар 2017

Онда Башар Асад Астанадағы келіссөздерге сенім артатынын білдірген. 

Сирия көшбасшысы Астана процесі соғысты доғарып, қарсы тараптардың ымыраға келуіне түрткі болады деген ойын айтты. 

Осы Сирия мәселесіне байланысты бізге ресейлік саясаттанушы Леонид Гусев те телефон арқылы пікірін білдірген еді. Тыңдап көрейік. 

Леонид Гусев, сарапшы /Ресей/

-Менің пікірімше, Ресейдің де, Түркияның да Қазақстанмен қарым-қатынасы жақсы. Көптеген салалар бойынша әріптестік, серіктестік орнатқан елдер. Қазақстанды көптеген елдер құрметтеп, сыйлайды. Біздің білуімізше, кездесуге сириялық оппозицияның барлық өкілдері қатыспайды. Дегенмен, кейбір топтары келісімге келуге әзір. Бұл әзірге алғашқы қадам. Ал АҚШ-қа қатысты айтарым, бір-екі айдың ішінде олар да мұндай келіссөздерге қатысуға қызығушылық білдіруі мүмкін.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!