Ресейде шатырдан құлаған қар үш адамды басып қалды, оның біреуі – бала

17:00, 3 наурыз 2018

Ресей Федерациясының Мурманск облысы, Видяево ауылында әкімшіліктің кіреберісінде шатырдан төгілген қар үш адамды басып қалды, оның біреуі – бала, деп хабарлайды Today.kz.

Әйелдердің біреуі мен бала ауруханаға жеткізілді, олар зардап шекпеген.

Болған оқиғаға құқық қорғау органдары назар салды.

Процессуалды тексеріс аясында оқиға орнынан қардан тазартуды қадағалайтын құжат алынды. Камераға түскен видео негізінде оқиғаның мән-жайы анықталып, үш адамның денсаулығы тексерістен өтіп жатыр.

"Тексеру шаралары жүріп жатыр, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", – делінген РФ Мурманск облысы бойынша тексеру комитеті басқармасының сайтында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!