Перронға көлікпен келген Алла Пугачеваның басы дауға қалды

16:22, 2 шілде 2019

Видео Instagram желісіндегі әншінің парақшасында жарияланған. "Юрмалаға шығарып салды" деп жазылған видео астына.

Видеодан Мәскеу-Рига бағытында жүретін пойыздың алдына дейін, яғни перронға Ресей халық әртісінің люкс класты көлікпен келгенін көруге болады. Одан кейін ол теміржол серіктерінің демеуімен пойызға көтеріледі. Видеоны куәгерлер түсіріп, кейін желіге жүктеген.

Желі қолданушылары бұған қатысты түрлі пікір жазуда. Бірі әншінің денсаулығына байланысты осылай етуге мәжбүр шығар деп топшыласа, екіншісі мұндай адамдарға бәрі болады деп жазды.

Бүгін Риа Новости агенттігі бұл оқиғаға қатысты Ресей теміржолы мекемесінің түсініктемесін жариялады.

"Әншінің көлігі ешкімге кедергі келтірмеген, бірақ ол араға арнайы рұқсаты бар көліктер ғана кіре алады. Сондықтан бұл жайтқа қатысты қызметтік тексеру басталды" делінген ресми хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Posted @withrepost • @vikivesennya Проводили в Юрмалу ❤️ #аллапугачева #пугачеваюрмала #пугачева #allapugacheva

Публикация от Алла Пугачева (@alla_pugacheva_forum) 30 Июн 2019 в 6:35 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!