Пәкістанның солтүстік-батысында 2 жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

09:25, 16 ақпан 2017

Алғашқы жарылыс Галанай қаласындағы әкімшілік ғимаратының алдында болған. Жарылғыш затты «Талибан» тобының жанкештісі іске қосқан көрінеді.

Қайғылы оқиға салдарынан үш полицей мен екі бейбіт тұрғын көз жұмды. 

Осы оқиғаның ізін ала бере Пешааваар қаласында тағы жарылыс болды.

Шабуылды мотоциклге мінген қаскөй жасаған. Ол сот өкілдері мінген көліктің жанына келіп, жарылғышты іске қосқан. 

Қастандықтан көлік жүргізушісі қаза тауып, тағы бес адам жараланды. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!