Озбырлар сыйқырлы амулет жасау үшін 5 жастағы альбинос қыздың басын кесіп әкеткен

15:16, 30 қазан 2018

Аталмыш жан түршігерлік оқиға Мали елінде орын алған екен. Жергілікті фанаттар альбинос баланы тәрбиелеп отырған шаңырақтың ішіне кіріп, анасының көзінше 5 жастағы қызын ұрлап әкеткен деп жазады newsroom.kz.

Артынша анасы Олардың артынан қуа жөнеледі. Десе де сәлден соң ол екінші баласын қорғау үшін кері қайтады.

Жергілікті тұрғындар көп ұзамай бес жастағы қыздың мүрдесін тауып алады. Белгілі болғандай жергілікті тайпа өкілдері қыздың басын кесі әкеткен екен.

Естеріңізге сала кетейік Африка құрлығының осы бөлігінде альбинос балалардың сүйегінен жасалған амулеттер аурудан емдеп, байлық шақырады деген сенімді береді екен. Сондықтан бұл өңірде мұндай қылмыстар жиі орын алып тұрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!