Өзбекстанда балалар мен әйелдер мінген автобус аударылды

11:24, 3 қыркүйек 2018

Өзбекстанның Ферғана облысындағы Бешарык ауданында 40 жолаушысы бар автобус жол шетіндегі жыраға қарай аударылып қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

Автобуста жеміс жинауға бара жатқан жалдамалы жұмысшы әйелдер мен балалар болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 адам ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне әзірше еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жол апаты 30 тамыз күні орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 18 адамға арналған Mercedes-Benz маркалы автобусы жолдан шығып кетіп, жол маңындағы жыраға аударылған.

Бешарык АІІБ хабарлағандай, аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, автобус жүргізушісінің жолаушылар тасымалына арналған лицензиясы болмаған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!