Өртенген көлікте қалған 9 жастағы бала сыртқа шыға алмай көз жұмды

16:30, 14 маусым 2018

Ата-анасының қарауынсыз қалған бала көлікте мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz.

9 жастағы бала әкесін “ВАЗ-2102” көлігінде күтіп отырып, абайсызда 5 литрлік канистраны күкіртпен өртеп жіберген.

Оқиға 11 маусым күні Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында болды.

Тұрғындардың айтуынша, өрт шыққан уақытта көлік есігі ашылмай қалады. Әкесі ұлын көлікке қалдырып, өзі өрік теруге кеткен екен. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!