«Оны аносмия дейді». Коронавирус науқастардың неге иіс сезбей қалатыны белгілі болды

12:29, 29 шілде 2020

COVID-19-бен байланысты әлі жауабы табылмаған сұрақтар көп. Гарвард медициналық мектебінің зерттеушілері коронавирустың әсерінен науқастың неге иіс ж сезбей қалатынын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz New York Post газетіне сілтеме жасап.

"Аносмия" деп аталатын симптом - вирус жұқтырғанды білдіретін ең алғашқы әрі жиі кездесетін белгілердің бірі. Дәрігерлер бұл ешқандай зерттеусіз науқастың коронавирус болғанын болжаудың ең жақсы әдісі болуы мүмкін деп болжайды.

- Біздің нәтижелеріміз коронавирустың науқастың иіс сезім мүшесіндегі нейрондарды тікелей зақымдамайтынын, тек оның миға ақпарат жіберетін нерв жасушалары жұмысына "шабуылдайтынын" көрсетті, - дейді неврология ғылымдарының докторы Сандип Роберт Дата.

Бұл вирустың иіс сезу мүшесін бүтіндей зақымдауы екіталай дегенді білдіреді. Демек, науқастарда уақыт өте келе, иіс сезу қабілеті қалпына келеді.

- Менің ойымша, бұл - жақсы жаңалық. Инфекция жойылған соң иіс сезу мүшесіндегі нейрондардың жұмысы өздігінен қалпына келеді, оны емдеудің қажеті жоқ сияқты, - дейді Датта.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!