Оңтүстік Кореяда «құс тұмауы» вирусына қарсы карантин жарияланды

12:59, 20 қараша 2017

Оңтүстік Кореяның Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі барлық құс фабрикасында 48 сағатқа карантин жариялады. Шара H5N6 «құс тұмауы» вирусының тарауын тоқтату үшін қолға алынып отыр. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылды, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Чолла-пукто ауданындағы фермалардың бірінде үйректердің H5N6 вирусын жұқтырғанын растады.

Қазір 12,3 мың құсты оқшаулап, ферма айналасынан ондаған шақырым қашықтықтағы жер карантин аймағы болып жабылды. Карантин бір апта бойы жалғасады. Ел бойынша 166 өлшеп-орау орталығында дезинфекциялау жұмысы жүріп жатыр.

Фото: baq.kz

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!