Нурмагомедов Instagram-дағы ең танымал ресейлік атанды

10:09, 9 қыркүйек 2019

Күні кеше Дастин Порьемен кездесіп, UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған ресейлік аралас жекпе-жек шебері Instagram-дағы жазылушылар саны бойынша ресейлік әнші Ольга Бузовадан озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Instagram-дағы парақшасына жазылушылар саны жексенбі күні 16,32 млн-ға жетті, осылайша спортшы 16,31 млн жазылушысы бар әнші Ольга Бузовадан озды.

Порьеге қарсы жекпе-жектен кейін Нурмагомедов $6 млн астам гонорар алды.

Оның енді келесі қарсыласы - промоушеннің жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон болуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!