Нигерияда қарулы топ интернаттан 300-ге жуық оқушы қызды ұрлап әкетті

15:08, 26 ақпан 2021

© Сурет: 24tv.ua

Бір топ қарулы адам Нигерияның солтүстігіндегі қыздар мектеп-интернатына баса-көктеп кіріп, 300-ге жуық қызды ұрлап әкетті, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС агенттігі атап өткендей, қаскөйлер бірыңғай киімде болған.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, жол талғамайтын көліктер мен мотоциклдерге мінген қарақшылар интернат ғимаратына түнгі сағат 1-де келген. Мемлекеттік күзет қызметінің формасындағылар мектеп оқушыларын далаға шығуға мәжбүрлеп, артынан көліктеріне отырғызып, алып кеткен, делінген хабарламада.

Ұрлау фактісін жергілікті билік те растады.

Балаларды ұрлап кетті, - деді Замфара губернаторының өкілі.

Сонымен бірге ол ұрланған оқушылардың нақты санын және оларды қайда апаруы мүмкін екенін ашып айтпады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!