Непалдағы Манаслу тауында қиындыққа тап болған ресейлік альпинистер тобының қазіргі жағдайы белгілі болды
© Сурет: Instagram/expedition_travelers_club_
Андрей Васильев басшылық еткен ресейлік альпинистер тобы Манаслу шыңынан түсу кезінде қиындықтарға тап болғанына қарамастан, ақырында қауіпсіз жерге дейін түсе алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саяхатшылар клубының мәліметінше, 2025 жылдың 27 қазанында экспедиция базалық лагерьге оралған.
"Андрей Васильев жетекшілік еткен экспедиция құрамында Сергей Кондрашкин, Наталья Белянкина, Кирилл Эйземан және Виталий Шипилов болды. Альпинистер таудың оңтүстік-батыс қабырғасымен альпілік стильде жаңа бағытпен көтерілді. 22 қазанда команда қолайсыз ауа райына қарамастан шыңға шықты. Түсу бес күнге созылды және ішінара жаңа бағытпен өтті. Шамамен 7100 метр биіктікте спортшылар бағытты өзгертуге мәжбүр болып, Рейнхольд Месснер 1972 жылы салған бағыттың бір бөлігін пайдаланды. Ауа райының қолайсыздығына және объективті қауіптерге қарамастан, команда сәтті түрде Тулаги мұздығына дейін түсті", – делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, шыңдағы екпінді жел мен қалың қардан 24 қазанда альпинистердің түсу кезінде қиындықтарға тап болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол кезде ауа райының қолайсыздығына байланысты команда тек аз ғана қашықтықты еңсере алған.
Бұған дейін америкалық альпинистің алғаш рет Эвересттің солтүстік беткейінен шаңғымен түскенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





