Непалда су тасқынынан 115 адам мерт болды

16:24, 18 тамыз 2017

Непалда су тасқынынан болған апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша құрбандар саны 115 адамға жетті. Тағы 38 тұрғын ұшты-күйлі жоғалып кеткен. 

Айта кеткен жөн, толассыз жауған жауынның кесірінен елдің біраз бөлігін су басқан. Екі бірдей өзен арнасынан тасыды. Әлеуметтік маңызы бар 4 мыңға жуық ғимаратқа нұқсан келді. Арасында ауруханалар мен мектептер көп. Табиғи апат сондай-ақ ауылшаруашылық саласына да зардабын тигізіп отыр. Өйткені егістік алқаптарының 80 пайызын су шайып кеткен. Жергілікті билік мұның соңы азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін деп қауіптеніп отыр. 

Жергілікті тұрғын: 

-Ауылды су басқанда көбісі ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, мен қатты дыбысты естіп, бірден оянып кеттім. Айқай салып, көршілерді тұрғыздым. 

Жергілікті тұрғын: 

-Билік бізге көмек көрсетуі тиіс. Өйткені болашағымыз бұлыңғыр болып тұр. Үйіміз қирап қалды. Ашық аспан астында түнеуге мәжбүрміз. Енді не баспана жоқ, не тамақ сатып алар ақша жоқ, сандалып жүрміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!