Қытайдағы тарихтағы ең ірі круиздік лайнер алғашқы сапарына шықты
© Сурет: VCG
22 қарашада Қытайда отандық өндірістен шыққан екінші ірі круиздік лайнер – Adora Flora City алғашқы коммерциялық сапарына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CGTN басылымының жазуынша, бортында 3 800-ден астам жолаушы болған кеме Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласынан Гонконг пен Вьетнамның Хюэ қаласына қарай алты күн, бес түнге созылатын саяхатын бастады.
Ұзындығы 341 метр, жалпы сыйымдылығы 141 900 тонна болатын лайнерде 2 130 каюта бар. Ол 5 232 жолаушыға дейін қабылдай алады.
Adora Flora City лайнерінің құрылысы 2022 жылдың тамызында басталған. China Tourism Group құрамына кіретін Adora Cruises компаниясы басқаратын кеме 6 қарашада Шанхай қаласында тапсырыс берушіге тапсырылды. Ал 9 қарашада алғашқы сынақ сапарына шықты.
Қытай туристік тобының басқарма төрағасы Ши Дай компания круиздік сапарларды мәдени туризмнің кешенді өнімдері мен туристік тәжірибені дамытуға пайдаланатынын айтты. Сондай-ақ теңіздегі демалыс саласында жаңа стандарт қалыптастыруды көздеп отырғанын жеткізді.
Adora Flora City көлемі жағынан өзінен бұрын жасалған Adora Magic City лайнерінен үлкен әрі дизайны анағұрлым ықшам. Айта кетейік, Adora Magic City коммерциялық қызметін 2024 жылдың қаңтарында бастаған.
Цяньхай бөлімшесі Қытай даму институты директорының орынбасары Ху Чжэньюйдің айтуынша, Қытайда жасалған екі ірі круиздік кеменің пайдалануға берілуі елдің круиздік индустриясы дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның туристік інжу-маржандары әлемдегі үздік 100 туристік бағыттың қатарына енгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 26 қараша 2026
Швейцарияда көл түбінде 2000 жыл бойы жатқан Рим қазыналары табылды
-
19:55, 25 қараша 2026
Анасы мен өгей әкесі балалардың көзін скотчпен байлап, орманға тастап кеткен
-
16:34, 25 қараша 2026
Гиннес рекордтар кітабына енген ең жас сақалды әйел 20 жылдан кейін сақалын қыруды ұйғарды
-
16:08, 25 қараша 2026
АҚШ-та бөгдеғаламшарлықтардың адамдар арасында өмір сүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасалды
-
14:21, 25 қараша 2026
56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты





