Мұнай арзандап, Қытай қарық болды

17:41, 21 мамыр 2020

Әлемдегі мұнайдың екінші ірі тұтынушысы болып табылатын Қытай 2020 жылы арзан шикізатқа қол жеткізуде сатып алатын мұнай көлемін арттыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы China National Petroleum Corporation жанындағы Экономика және технологияларды зерттеу институтының болжамында айтылады, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, бағаның төмендеуіне байланысты Қытайдың мұнай импорты 2020 жылы 2% -ға өседі, ал сол кезеңдегі шикізат тұтынысы да 1-2% -ға артпақ. Сонымен бірге, қытайлық МӨЗ-дердің мұнай өнімдеріне деген сұраныс 5% төмендейді, бұл - 2000 жылдан бергі алғашқы төмендеу. Себебі, коронавирус пандемиясы ҚХР-да зауыттар мен туристік индустрияны, соның ішінде әуе көлігін кілт тоқтатты.

Сарапшылар биылғы жылы Қытайда табиғи газды тұтыну 3 пайызға артып, 313,5 миллиард текше метрге жетеді деп болжап отыр. Бұл - 20 жылдағы ең баяу өсу қарқыны, деп хабарлады агенттік.

Бұған дейін Қытайда мұнайға деген сұраныс дағдарысқа дейінгі деңгейге оралғандығы және кейбір мәліметтер бойынша қазіргі уақытта тәулігіне 13 миллион баррель деңгейінде тұрғаны туралы хабарланған болатын. Бұл 2019 жылдың мамыр айымен салыстырғанда бар болғаны 400 мың баррельге аз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!