Мадагаскарда обадан 90-нан астам адам көз жұмды

09:04, 21 қазан 2017

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері хабарлады.

Ұйымның дерегі бойынша, 1 тамыз бен 20 қазан аралығында 1 мың 153 адамның індетке шалдыққандығы тіркеліп, олардың 300-і зертханалық тексеруден өткен. Оба мемлекеттің 114 аймағының 37-сіне таралып кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Мадагаскарға антибиотиктің 1,2 млн дозасы мен зардап шеккендерге көмек ретінде 1,5 млн доллар қаржы бөлді. Дегенмен ұйым өкілдері: «Мадагаскармен сауда байланысын және қарым-қатынасты шектеудің қажеті жоқ», – деп отыр.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!