Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктер: қала мэрі төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жариялады
© Сурет: Facebook/LADP
Лос-Анджелес мэрі Карен Басс қала орталығында төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді. Бұған наразылық акциялары себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Лос-Анджелесте жаппай тәртіпсіздіктер басталғаны туралы хабарланған еді.
"Мен Лос-Анджелес орталығында вандализм мен тонауды тоқтату үшін төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жарияладым", – деді Карен Басс 2025 жылғы 11 маусымда dw.com-ға берген мәлімдемесінде.
Ол бұл режим тек бір шаршы миль (2,5 шаршы шақырым) аумақта қолданылатынын нақтылады. Жалпы қала аумағы 500 шаршы мильден асады.
Көшеге шығуға тыйым 10 маусым күні кешкі сағат 20:00-ден бастап 11 маусым таңғы 06:00-ге дейін (Астана уақытымен 11 маусымда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) күшінде болады. Бұл шектеу жергілікті тұрғындар, журналистер мен шұғыл қызмет өкілдеріне қолданылмайды.
Полиция басшысы Джим Макдоннеллдің айтуынша, коменданттық сағат ережесі үй-күйі жоқ азаматтарға да жүрмейді.
"Егер сіз Лос-Анджелес орталығында тұрмасаңыз немесе жұмыс істемесеңіз, бұл аймақтан аулақ болыңыз. Құқық қорғау органдары коменданттық сағатты бұзғандарды тұтқындап, жауапқа тартады", – деді Карен Басс.
Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктер 2025 жылғы 7 маусымда заңсыз мигранттарға қарсы рейдтерден кейін басталған. Полиция наразылық білдірушілерге қарсы көз жасаурататын газ және жарық-шу гранаталарын қолдана бастаған. Қалаға Ұлттық ұланның әскері жіберілді. Қазірдің өзінде 300 әскери қызметкер бар, ал тағы 500 теңіз жаяу әскері жөнелтуге дайындалып жатыр. Бұл – соңғы ондаған жылда президенттің штаттың сұранысынсыз немесе келісімінсіз Ұлттық гвардияны тартқан алғашқы жағдайы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 23 қаңтар 2026
Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
-
14:53, 23 қаңтар 2026
WhatsApp-та жаңа маңызды мүмкіндік пайда болады
-
13:15, 23 қаңтар 2026
Чилиде астрономдар сирек кездесетін ғарыштық құбылысты тіркеді
-
12:27, 23 қаңтар 2026
Жапонияда бұрынғы түрмені сәнді қонақүйге айналдырды
-
11:04, 23 қаңтар 2026
АҚШ Венесуэламен диалогты қалпына келтіру үшін жаңа дипломат тағайындады





