Лондонда Еуроодақтан шығуға қарсы наразылық шеруі өтті

09:52, 11 қыркүйек 2017

Бүгін Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы заң жобасын дауысқа салады.

Осыған байланысты Лондонда жаппай наразылықтар басталды. «Еуроодаққа қолдау білдіруші халық шеруі» деп аталатын шараға 50 мың адам қатысты. Арасында саяси  партиялардың өкілі мен қоғам қайраткерлері бар. Шерушілер алдымен шаһардағы гайд-паркке жиналып, содан кейін парламентке қарай бет алды. Қолдарына Еуроодақ туын ұстап, «Brexit-тен бас тартыңдар» деп ұрандатты.

Айта кетейік, Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздер биыл наурызда басталды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!