Қызыл Крест ұйымы жоғалған босқындарды іздеу жобасын іске қосты

18:24, 26 наурыз 2017

Еуропада шамамен 2500 босқын ет жақын бауырын іздеп жүр. Бір-бірінен қол үзіп қалған жандарға жәрдем беру үшін халықаралық Қызыл крест ұйымы Trace the Face жобасын іске қосты.

Мұнда туысын іздеген жандар арнайы сайтқа өзінің суретін тіркеуі тиіс. Ол әлеуметтік желіде жарияланады. Сосын теміржол вокзалдары мен автобус аялдамаларына, сондай-ақ босқындарды қабылдау орталықтарына ілінеді.

Егер біреу суреттен өз жақынын көрсе, Қызыл крест ұйымының мамандарына қоңырау шалады. Сол арқылы бауырын табады.

Жоба үйлестірушілерінің айтуынша, босқындардың көбі теңізге шығысымен-ақ бір-бірінен ажырап кетеді. Өйткені әртүрлі қайыққа мінеді және екі бөлек лагерьлерге жетуі мүмкін. Дегенмен осы жоба бойынша оншақты адам бір-бірін тауып, бас қосқан.

Франческо Монтроне, Италиядағы Қызыл крест ассоциация өкілі: 

-Босқындар бір-бірін теңізде жоғалтады. Сосын оларды әр елдің құтқарушылары тауып алуы мүмкін. Кейбіреулері жағалауға жеткеннен кейін де көз жазып қалып жатады. Біз туыс адамдардың бірге болғанын қалаймыз. Адасып қалғандары болса, қол ұшын бері, қосуға тырысамыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!