Қызқұмар Аршавин карантин кезінде жезөкшемен моншада ұсталды

23:37, 12 сәуір 2020

Кезінде "Зенитте" жарқыраған, Лондонның "Арсеналында" ойнаған, ақыр аяғы Алматының "Қайратында" карьерасын аяқтаған Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавиннің басы тағы бәлеге қалды, деп жазады StarHit.

Экс-футболшы карантин режимін өрескел бұзып, қоңыр қолаң шашты бойжеткенмен демалып отырған жерінде моншада көзге түсіп қалды.

Дереккөздің дерегінше, қызға тоймайтын Аршавиннің жаңа секс-серігі – Габриэлла есімді Ресейдегі танымал жезөкше. Оның бір баласы бар деседі.

Аршавин екі рет үйленіп, екі рет ажырасқан. Бірінші әйелі Юлия Барановскаядан үш баласы, екінші әйелі Алиса Казьминадан бір қызы бар. Екі некеде де ажырасуына үнемі көзге шөп сала бергені себеп болған.

Футболшы 2018 жылы карьерасын Алматының "Қайратында" аяқтаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!