Қытайдағы індет: көшеде сұлап жатқан адамдардың видеосы тарады

17:03, 24 қаңтар 2020

Әлеуметтік желілерде Ухань қаласында түсірілді деген қорқынышты бейнежазбалар тарай бастады. Онда көшеде адамдардың сұлап жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды zakon.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнекадр авторлары коронавирус індетінің эпицентрінде қалған Ухань қаласының көшелерінде ауру жұқтырған ер адамдар мен әйелдер ес-түссіз құлап жатыр деп жазады. Қазір бұл қала Қытайдың тағы бірнеше қаласы секілді сыртқы әлемнен толық оқшауланған. Әзірге бұл бейнежазбаның қаншалықты шындыққа сай екені анықталмады. Ресми орындар бұл деректі әлі жоққа шығармады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!