Қытайда ер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтқан зажигалка алынды

12:17, 18 сәуір 2018

Қытайда дәрігерлер адамның ішінен 20 жыл бұрын жұтып қойған зажигалканы шығарды. Операция кезінде түсірілген видеоны UPI порталы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ота Сычуань провинциясының Чэнду қаласында жасалды.

Видео ер адамның ағзасына кіргізілген арнайы камерамен түсірілді. Сол арқылы дәрігерлер зажигалканың қай жерде жатқанын іздеді.

Мамандардың айтуынша, камераны екінші рет тыққанда ғана зажигалканы алып шыққан. Операция 10 минутқа созылған.

Ер адам зажигалканы екі мыңыншы жылға дейін байқаусызда жұтып қойған. Бұған дейін еш жері ауырып, мазаламаған соң дәрігерге жүгінбеген. Ал, қазір іші ауырады және үлкен дәреті қан араласып шығады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!