Қытайда белгісіз вирус жұқтырғандар саны артуда

11:27, 21 қаңтар 2020

Қытайда өкпе ауруына шалдықтыратын вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұғатынын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті сарапшылары дәлел келтіретін екі оқиға тіркелді деп мәлімдеді 20 қаңтарда. Олардың айтуынша, науқастармен байланыста болған 14 медицина қызметкері белгісіз вирусты жұқтырған.

Ғалымдар әзірге вирустың қайдан тарап жатқанын нақты айта алмай отыр.

Дүйсенбі күнгі таралған ресми мәліметке сәйкес, белгісіз вирусты жұқтырған 220 адамның үшеуі қайтыс болған.

20 қаңтардағы мәліметке сәйкес, 25 адам ауруханадан шығарылған, 170-і емді жалғастырып жатыр. 35 науқастың жағдайы ауыр. 9 адам хәл үстінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!