Қытай коронавирусты жұқтырған адамды емдеудің тәсілін ойлап тапты - БАҚ

15:57, 23 қаңтар 2020

Қытай дәрігерлері пневмонияның 2019-nCoV коронавирусынан туындаған жаңа түрін емдеудің жолын тапты, деп хабарлады Sina.

Дәрігерлер коронавирусқа шалдығып ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта жақсарып келеді. Аталған әдіс арқылы қан оттегімен қанықтырылады екен.

Жаңа әдіс Ухань қаласында орналасқан Чжуннань ауруханасында сәтті қолданылды. Дәрігерлердің айтуынша, көп ұзамай ер адам карантиннен босатылуы мүмкін.

Дерек көз: Хабар-24


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!