Қырғызстан президенті енді Өзбекстанға барғалы отыр

09:06, 5 наурыз 2021

© Сурет: Sultan Dosaliev

Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың хабарлауынша, президент Садыр Жапаров жақында Өзбекстанға сапарлайды.

Министрдің айтуынша, Өзбекстанға сапар 11-12 наурызға жоспарланған. Жапаров бірнеше елдің басшыларынан шақырту алған, Өзбекстандағы сапарынан соң ол Тәжікстанға, Түркіменстанға және Қытайға барады, деп жазады centralasian.org.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2-3 наурызда мемлекеттік сапармен Қазақстанда болды. Екі күндік сапар барысында ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесті.

Бұның алдында Жапаров Ресейге мемлекеттік сапармен барған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!