Коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 3 мыңнан асты

08:58, 10 ақпан 2020

Коронавирус шақыратын пневмониядан қайтыс болғандар саны 908 адамға жетті, вирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Мұндай мәлімдемені дүйсенбі, 10 ақпанда КХР-дың денсаулық сақтау министрлігі жасады.

Бір тәуліктің ішінде вирус жұқтырғандар саны 3 мың адамнан асып, науқастанған 97 адам қайтыс болды.

Коронавирус кәдімгі ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) сияқты тыныс алу жолдарымен жұға алады. Қытайда кейбір қалалар карантинге жабылды.

Дәл қазір Қытайда 45 млн адам оқшауланған аумақтарда ортыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!