Коронавирус науқастан ауру жұғу қаупі қай кезеңде басым

16:47, 26 наурыз 2020

Коронавирус тасымалдаушысы аурудың алғаш белгілері байқала бастаған алғашқы аптада ең қауіпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Гонконгтағы микробиологтардың зерттеулері COVID-19 расталған 23 науқастың сілекей талдауына негізделген.

Таңертең олардың тамағынан мазок алды. Оның нәтижесіне сәйкес, 35 жастан 75 жасқа дейінгі науқастардың сілекейіндегі вирус саны ауру белгісі байқалған кезден бастап жеті күн бойы жоғары деңгейде болды, содан кейін төмендей бастады.

"Аурудың алғашқы аптасында вирус өрши береді, сондықтан ол бір адамнан екіншісіне оп-оңай жұғады, егер науқас ауруханаға жатқызылмаған болса" деп болжайды Гонконг университетінің микробиология кафедрасының доценті Келвин То, деп хабарлайды РИА Новости.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!