Коронавирус қандай температурада өлетіні анықталды

11:31, 17 сәуір 2020

Франциядағы Экс-Марсель университетінің ғалымдары коронавирус өлетін нақты температураны анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Тәжірибе барысында коронавирустың штаммы стерильді түтікше мен биоматериал салынған түтікшеге салынды.

Одан соң екі үлгі бір сағат бойы Цельсий бойынша 60 градусқа дейін қыздырылды. Анықталғандай, осы жағдайдан кейін стерильді емес үлгідегі вирус әлі де көбеюге қабілетті болып шықты.

Цельсий бойынша 92 градусқа дейін қыздырылған вирустың тіршілігі тек 15 минуттан кейін ғана толық тоқтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!