Ким-Трамп саммиті 12 маусымға белгіленді

11:25, 11 мамыр 2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен 12 сәуір күні Сингапурда кездеседі, бұл туралы Ақ үй басшысы Твиттерде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Көптен күткен Ким Чен Ын және менің арамыздағы кездесу Сингапурда 12 маусым күні өткізіледі» деді Трамп. «Екеуміз де бұл сәтті бүкіл әлем үшін ерекше етуге талпынамыз» деді.

Наурыз айында Трамп Кимнің шақыруын қабыл алған соң, бұл тарихи саммиттің мерзімі өте ұзақ уақыт бойы белгіленбеді. Маусым саммиті АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы алғашқы президенттер кездесуі ретінде тарихта қалмақ.

Америкалық шенеуніктер бұл саммитті демилитаризацияланған аймақта немесе Монғолия астанасы Ұлан-Баторда өткізуді де жоспарлаған. Алайда қала-мемлекет Сингапурды таңдады.

Сингапур үшін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пампео мен Ақ үй әкімшілігінің басшысы Джон Келли дауыс беріпті. Өйткені, олар саммитті өткізу орны келісім үшін маңызды дейді.

Вашингтон да, Пхеньян да келісім орнын таңдау кезінде бейтарап саясат ұстанатын елді таңдауды мақсат тұтыпты. Мәселен, Қытай мен Ресей «коммунистік» режимді көбірек ұстанатындықтан, олардан аулақ болдық дейді Ақ үй әкімшілігінің шенеуніктері. Көлік-логистика жүйесі екінші орында болғанымен, ол да маңызды рөл атқарды. Президент Ким өзінің жеке ұшағымен ұшуға дайын екенін мәлімдеген соң, Пхеньяннан 3000 миль жерде орналасқан Сингапур өте қолайлы деп танылды. Яғни, таңдалған қаланың географиялық орны да маңызды рөл атқарған.

Өткен аптада Трамп саммиттің уақыты мен күні анықталды деді. Алайда, Помпео Солтүстік Кореяға арнайы барып қайтқаннан кейін ғана бұл ақпарат көпшілікке жарияланды. Пхеньян мен Сеул демилитаризацияланған аймақта саммиттің өтуін қалағанын айта кету керек.

Сингапур мемлекетінің Сыртқы істер министрлігі «өз жерімізде қуана-қуана саммит өткіземіз. Өйткені, бұл келісім әлем халқы үшін өте маңызды» деп жариялады. Бұл қала-мемлекеттің премьер-министрі Ли Сянь Лунг аталған саммитке қызу дайындалып жатқандарын твиттерде жазған.

Айта кетерлігі, Трамптың бұл кездесу туралы нақты ақпараты Солтүстік Кореяның үш америкалық азаматты түрмеден босатқаннан кейінгі әрекетінен соң жарияланды. Мемлекеттік хатшы Майк Пампео Пхеньянға сапар шеккен соң, америкалық үш азамат корейлік темір тордан бостандыққа шықты.

Трамп журналистерге берген сұхбатында осы кездесудің жемісті не болмаса, керісінше, еш нәтижесіз аяқталуы да мүмкін деп айтты. Ондай жағдайда келісімнен бас тартып, орнынан тұрып кететінін де жасырмады. Алайда АҚШ президенті үш америкалық азамат түрмеден шыққан соң, Пхеньянның сөзінде тұратынына сеніп, оптимизм пайда болды.

Трамп түрмеден шыққан азаматтарды Эндрюс біріккен базасында қарсы алып: «Біз жаңа негізде келісім бастамақпыз. Менің ойымша, әлем халқы үшін маңызды шешім қабылдайтын уақыт келді. Көп жақсы істің орын алып жатқаны қуантады» деді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!