Ким Чен Ын коронавирусқа тап болған Оңтүстік Корея туралы айтты

15:04, 5 наурыз 2020

КХДР басшысы коронавирус індетіне байланысты Оңтүстік Корея президентіне қолдау білдіріп, өзінің ізгі тілегі жазылған хат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Мен Оңстүстік Корея індетті жеңе алады, деп сенемін", деген Ким Чен Ынның хатын брифингте Оңтүстік Корея президентінің өкілі Юн До Хан оқып берді.

Ким Чен Ын сондай-ақ Оңтүстік Корея президентінің денсаулығына да алаңдаушылық танытыпты. Сосын ешқандай көмек көрсете алмайтынын өкінішпен жеткізген екен.

КР президентінің әкімшілігі бұл хатқа алғыс ретінде жауап хат жолдады.

Соңға деректерге сай, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 5 766 адамға жетті, 35 адам қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!