Ким Чен Ын ақ боз атпен киелі тауға көтерілді

10:12, 16 қазан 2019
1654

Солтүстік Кореяның күн көсемі Ким Чен Ын киелі Пэктусан тауына көтерілді, деп хабарлайды Life Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.

КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Корей түбегіндегі ең биік таудың басында жаңа жауған қар үстімен ақ боз атпен көтерілді

- Оның атқа мініп Пэкту тауына шыққаны – корей революциясы тарихындағы зор маңызы бар оқиға. Тауға атпен көтерілген ол әлемдегі ең қуатты мемлекет құрылысы жолындағы өзінің күресін еске түсірді, - делінеді мақалада.

Пэктусан – Корей түбегінің ең биік жері, теңіз деңгейінен 2750 метрді құрайды. Аңыз бойынша, ол таудан корей халқының негізін салған Тангун түскен, сондықтан бұл тау киелі саналады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!