Керчьте қаза болғандар саны 20 адамға жетті

09:42, 18 қазан 2018

Керчь қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Колледжде қаза болғандар саны - 20 адам. Соңғы катафалк мәйітханаға үш адамның емес, төрт адамның мәйітін жеткізді. Тағы бір адам табылған», - деді қалалық әкімшілік басшысының орынбасары Дилявер Мельгазиев.

Агенттіктің хабарлауынша, «Лаңкестік» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс кейін «Адам өлтіру» бабына өзгертілген.

Еске сала кетейік, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілгендігі туралы хабарлаған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!