Қазақ қызы Франциядағы қала мэрінің орынбасары болып сайланды

16:57, 30 маусым 2020

Есім Сабаш атты франциялық қандасымыз Парижге жақын Крей қаласында сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрінің орынбасары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қуанышты хабарды Есім Сабаштың әкесі Махмұт Сабаш facebook парақшасында бөлісті. Махмұт Сабаштың өзі - Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті.

Есім Махмұтқызы өткен ғасырдың қырқыншы жылдардың соңында Қытайдан босып, Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы. Бүгін оның Францияның солтүстігіндегі Крей қаласы әкімінің орынбасары болып сайланғаны хабарланып отыр.

Есім Махмұтқызы 1991 жылы Францияда туған. Азаттық үшін алысқан әйгілі Зуқа батырдың туысы болып келеді. Крей қаласы (фр. Creil) — О-де-Франс аймағына, Санлис округіне жататын, Францияның солтүстігіндегі қала. 2014 жылғы санақ бойынша халқының саны 35 мыңға жуық болған. Айта кетсек Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғаған тұлға.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!