Қарақұлжа жайлауында аюлар бір отар қойды жайратып кетті

15:55, 31 шілде 2018

Ош облысын аума Қарақұлжа ауданында аюлар 67 қойды жайратып салған. Бұл туралы аудандық жайылым комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нақты деректерге қарағанда, 22 шілде күні Октябрь ауылы маңындағы Бештерек жайлауында жергілікті тұрғын Сабиржануулу Куштарбектің қойларына екі аю шапқан.

Олар 67 қойды жайратып салды. Жақындап қалған жыртқыштардан қатты қорыққан шопан тұра қашқан. Қырсық шалғанда, құлап есінен танып қалады. Абырой болғанда түз тағыларының онымен ісі болмаған. Қазіргі таңда шопанның қолын сындырып алғаны белгілі болды.

Осы ақпараттан кейін жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, аюларды жайлаудан алысқа қуып жіберу туралы тапсырма берілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!