Қайта-қайта құлдырап, әлемнің есін шығарған мұнай бағасы бас көтере бастады

11:26, 23 сәуір 2020

Brent және WTI маркалы мұнай бағасы апта басындағы көрсеткішімен салыстырғанда ақырындап көтеріліп келеді. Мұны Лондон қор биржасының ICE сауда-саттық мәліметтері растайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан уақыты 11: 15-тегі жағдай бойынша, мұнай биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бір баррелінің бағасы 22,26 долларды құрады. WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы 15,30 доллар болды.

20 сәуірде тарихта алғаш рет WTI маркалы мұнайдың құны нөлден төменге кетіп, минус 40 долларға жеткен. Бұл қор биржасындағы сауда-саттықтың соңғы күні орын алды. Бұл жайт трейдерлердің мұнай ұсынысының артып, оны сақтайтын орын табылмай жатқандықтан, оны нарыққа көл көлемде жаппай сатуға шығаруға ұмтылуымен түсіндірілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!