Израиль әскері ХАМАС-тың қару-жарақ өндіретін нысанына соққы жасағанын мәлімдеді
© Сурет: magnific
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының солтүстігіндегі Газа қаласы маңында орналасқан ХАМАС ұйымының қару-жарақ өндіретін нысанына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Израиль тарапының мәліметінше, ХАМАС бітім туралы келісімді бұза отырып, аталған нысанды қару-жарақ бөлшектерін өндіру үшін пайдаланған. Осы арқылы топ өзінің әскери әлеуетін қайта қалпына келтіруге әрекеттенген.
ЦАХАЛ-дың дерегінше, соққы жасалған сәтте нысанда ХАМАС-тың бірнеше мүшесі болған. Израиль әскері олардың Израильдің әскери қызметкерлері мен бейбіт тұрғындарына қарсы шабуылдар әзірлеумен айналысқанын алға тартты.
Израиль әскері соққы жасар алдында бейбіт тұрғындарға төнетін қауіпті барынша азайту үшін бірқатар шара қабылданғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, жоғары дәлдіктегі қару қолданылып, әуеден барлау жүргізілген.
Сондай-ақ ЦАХАЛ мәліметінше, Оңтүстік қолбасшылықтың бөлімшелері бітім туралы келісімге сәйкес осы ауданда қызметін жалғастырып жатыр және тікелей қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында әрекет ететін болады.
Бұған дейін Иран Парсы шығанағы елдеріне тағы да әуеден шабуыл жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 11 тамыз 2026
Түркия жағажайларында ауқымды реформа жүргізіледі: туристер нені білуі керек
-
11:39, 11 тамыз 2026
Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған
-
11:16, 11 тамыз 2026
Колумбиядағы жер сілкінісіне байланысты футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды
-
13:39, 9 тамыз 2026
Тағы бір ел туристер үшін электронды визаны іске қосады
-
12:35, 9 тамыз 2026
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін қатаң талаптар қойды





