Ирандағы шабуылға байланысты Жапония Премьер-министрі Таяу Шығысқа сапарын кейінге шегерді

10:27, 8 қаңтар 2020

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ пен Иран арасындағы әскери қарсыластың күшеюіне байланысты 11 қаңтарға жоспарланған Таяу Шығысқа, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарын кейінге шегерді, деп хабарлайды Киодо ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости.

Агенттік жапон премьер-министрі басқа елдермен тығыз ынтымақтастықта өзге аймақтағы жапон азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және күтпеген жағдайларға толығымен жауап беруге дайын болуды тапсырғанын хабарлады.

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Йошихиде Суга журналистер алдына шығып, Токио мүдделі елдерді аймақтағы шиеленісті азайту үшін барлық дипломатиялық әрекеттерді жасауға шақырғанын айтты.

Сәрсенбі күні Синдзо Абэ Иранның Ирактағы АҚШ-тың әскери базаларына зымыранмен соққы беруіне байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысын шақырды. Отырыста АҚШ-тың Бағдад әуежайына шабуылынан және Ислам революциялық күзет корпусының Кудес арнайы күштерінің басшысы генерал Кассем Сүлейменидің көзін жойғаннан кейін жасалған осы шабуылдарға қатысты жағдай қаралды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!