Иранда жер сілкінісінен 100-ден аса адам зардап шекті

11:18, 3 мамыр 2018

Иранның Ясудж қаласындағы жер сілкінісінен 105 адам зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tasnim сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті жедел медициналық көмек көрсету орталығының басшысы Джалал Поуранфардтың айтуынша, жарақат алғандардың ішінен 32 адам ауруханаға жатқылыды, тағы 65 адам амбулаторлық ем қабылдауда. Ал, қалған азаматтарға оқиға орыннда медициналық көмек көрсетілді.

Жалпы, бұған дейін табиғат апатынан 76 адам зардап шекті деп хабарланған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі Ясудж қаласының солтүстік-батысч бөлігінде 5,3 магнитудасымен болды. Ошағы бірнеше ондаған метр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің нәтиждесінде қаланың инфрақұрылымы мен электр желісіне материалдық шығын келтірілді.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!