Instagram бір сағаттық видеоға арналған IGTV сервисін іске қосты
Сан-Францискода Instagram-ның негізін қалаушылар бір сағаттық видеоларды тамашалауға арналған IGTV қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл сервистің ерекшелігі қолданушы өзі жазылған адамдарды іздеп уақыт жұмсамайды.
«Біз бәрін түсінікті етіп жасадық. Теледидар қосқан кездегідей қосымша ашылғанда IGTV видеоларды дереу көрсете береді. Сізге өзіңіз жазылған адамдарды іздеп әуре болудың қажеті жоқ», - делінген хабарламада.
Сервис қолданушыларға «сіз үшін», «сіз жазылдыңыз», «танымалдар», «көруге ұсынылған» функцияларын өзара қосып қоюды ұсынады. Видеоны тамашалаған кез-келген адам пікір қалдырып, достарына direct-ке жібере алады.
Телеарнадағыдай IGTV-да сервис қолданушылары ашқан түрлі каналдар болады. Компания өкілдерінің айтуынша видеоларды Instagram қосымшасынан қарай беруге болады.
Қосымша алдағы уақытта iOS, Android пайдаланушылары үшін қолжетімді болмақ.
Сонымен қатар сервистің презентациясында Instagram- миллиард қолданушысы бар жаһандық қосымшаға айналғаны мәлім болды.
«Біз 2010 жылдан бері қосымшаның дамуы мен кең қанат жаюына куә болдық. Бұл үлкен жетістік. Сол себепті барлығыңызға көп рақмет», - делінген Instagram блогында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады